Президентке «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының орындалу барысы жайында есеп берілді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады.

Malim Админ

  • 13.03.2024

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады. Кездесуде Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің былтыр және биылғы қаңтар-ақпан айларында жүргізген ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын таныстырды.

Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың даму барысы, инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары жөнінде мәлімет берді.

Атап айтқанда, Ұлттық банк төрағасы жылдық инфляцияның бәсеңдегенін және ішкі экономикада проинфляциялық факторлар сақталып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар БЖЗҚ активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйі, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында баяндады.

Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысының бұған дейін экономиканың нақты секторын қаржыландыру ісін кеңейту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысы, сондай-ақ Ұлттық төлем жүйесін дамытуға, ашық банкинг қағидаттарын енгізуге бағытталған жобалардың іске асырылуы туралы айтты. Бұдан бөлек, Президентке клиенттердің қаражатын алаяқтардан қорғау мақсатында антифрод-орталық құру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу және бюджет шығыстарының ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық теңгенің әлеуетін пайдалану жайында мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеді.

Байланысты жаналықтар

Заң салтанат құрған елде әділдік орнайды

17.05.2024

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жаңа орынбасары тағайындалды

11.05.2024

Ресей халқы Владимир Путинді ұлықтады

07.05.2024

Президент қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

07.05.2024

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

03.05.2024

«Туған жерімізді таза ұстауымыз керек»: Президент сенбілікке қатысты

27.04.2024
MalimBlocks
Заң салтанат құрған елде әділдік орнайды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қандай заңдарға қол қойды?

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жаңа орынбасары тағайындалды

Бұл қызметке Константин Канцеров келді

Ресей халқы Владимир Путинді ұлықтады

Ол ел Конституциясына қолын қойып, халқына ант берді.

Президент қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Тоқаевтың айтуынша, еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту және әскери қызметкерлерді қолдау қашанда мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді.

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

Олар тікелей эфирде Тоқаевқа үндеу жолдап, алаңға өз үнін оған жеткізу үшін бейбіт түрде жиналып жатқанын алға тартты.

«Туған жерімізді таза ұстауымыз керек»: Президент сенбілікке қатысты

Сенбілік барысында жалпы саны жөке ағашының 430 түп көшеті отырғызылды.