Қазақстан адам бостандығы рейтингінде 75 орында

Malim Админ

  • 01.02.2021

Finprom.kz сайтының мәліметінше, Қазақстан 162 мемлекеттің ішінде адам бостандығы индексі бойынша 75 орынға жайғасқан.

Рейтинг адамның жеке және экономикалық бостандығы негізінде жасалған. Оған:

  • Заң үстемдігі
  • Қауіпсіздік
  • Жүріп-тұру еркіндігі
  • Діни сенім еркіндігі
  • Азаматтық қоғам еркіндігі
  • Ақпарат және сөз еркіндігі
  • Жеке қарым-қатынас және тұлға еркіндігі
  • Үкімет көлемі
  • Жекеменшікті қорғау және заң жүйесінің сапасы
  • Қаражатқа қол жеткізу мүмкіндігі
  • Халықаралық сауда еркіндігі
  • Еңбек, бизнес және несиені басқару сияқты 76 көрсеткіш кіреді.

Зерттеу нәтижесі бойыша, Қазақстандағы адамдардың жеке бостандық индексі – 6,85, экономикалық бостандығы – 7,12 баллға бағаланған. Адамның жеке бостандығы бойынша Қазақстан - 90, ал экономикалық бостандығы бойынша 73 орында.

ТМД елдері арасында Армения – 47, Қырғызстан – 70, Беларусь – 99, Ресей – 115 орында. Әлемдік рейтингті Жаңа Зеландия, Швецария, Гонконг бастап тұр.

Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінде соңғы бір жылда халықтық толқулар жиі болуда. Билік оларды полиция мен арнайы жасақты пайдалану арқылы күшпен таратуда.

Байланысты жаналықтар

Көркем гимнастикадан әлем чемпионатында екі қазақстандық финалға шықты

02.05.2024

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жаңбыр жауып, күн күркірейді

02.05.2024

Су тасқыны: 43 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

02.05.2024

Қорғаныс министрлігі бас тартқан әскери шеруді Байқоңыр өткізеді

30.04.2024

Қазақстаннан жыл сайын шамамен 16,7 миллиард доллар заңсыз шығарылады – депутат

30.04.2024

Амангелді Құрметұлы: Украина Қырым көпірін құлатуды жоспарлап отыр

30.04.2024
MalimBlocks
Көркем гимнастикадан әлем чемпионатында екі қазақстандық финалға шықты

Бұл додада Қазақстан намысын 8 спортшы қорғап жатыр.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жаңбыр жауып, күн күркірейді

Астанада 3 мамырда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр, қар жаууы мүмкін.

Су тасқыны: 43 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

7710 жеке тұрғын үй мен 2844 аула аумақтарынан су бұрылды.

Қорғаныс министрлігі бас тартқан әскери шеруді Байқоңыр өткізеді

Қала әкімшілігінің ресми сайтында мамыр мерекесіне арналған шаралар тізімі жарияланған.

Қазақстаннан жыл сайын шамамен 16,7 миллиард доллар заңсыз шығарылады – депутат

Бұл Қазақстан үшін бірқатар келеңсіз салдар туғызып жатыр.

Амангелді Құрметұлы: Украина Қырым көпірін құлатуды жоспарлап отыр

Өйткені, Қырым көпірін құлатпайынша, майдандағы әскерге жеткізілетін қару-жарақ, оқ-дәрі, киім-кешек легін тоқтату қиын.