Сарапшылар "QazVac" вакцинасына күмәнмен қарайды

Malim Админ

  • 07.06.2021

Medsupportkz сарапшылары қазақстандық QazVac екпесіне байланысты мәлімдеме жазады. Онда олар вакцинаны өндірушілер әлі күнге дейін екпе туралы толыққанды ақпарат жарияламағанын, осыған байланысты екпені салдыруға кеңес бермейтіндерін айтқан.

Medsupportkz хабарлауынша, ұйым сарапшылары 20 мамыр күні Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Ерғали Әбдіраймовтың басшылығымен өткен QazVaс вакцинасы жөніндегі онлайн жиынға қатысқан. Онда сарапшылар вакцинаға қатысты қойған сұрақтарына жауап ала алмаған.

«Жиынға қатысу барысында біз күмән туғызатын бірқатар мәселелерді анықтадық. Солардың бірі - вирусты инактивизациялау кезінде формальдегидті пайдалану. Вакцина жасауда формальдегид өз тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсеткен. Бірақ оның кемшіліктері де бар. Формальдегидті пайдаланғанда әр вирусқа жеке-жеке зертханалық хаттама толтырылады. Біз жиын барысында инактивизация кезіндегі темпаратура мөлшері, процестің ұзақтығы мен концентрациясы және вирусты тазалау мен өсіру қалай жүзеге асырылғанын сұрадық. Бірақ сұрақтарымызға жауап ала алмадық», - делінген мәлімдемеде.

Бұдан бөлек, Medsupportkz сарапшылары QazVac вакцинасының вирусқа қарсы тиімділігіне де күмән келтіреді. Олардың сөзінше, екпе алған еріктілердің нәтижесі антидене санына қарай есептелген. Ал антиденелердің болуы адамның вирустан қорғалатынына кепілдік бола алмайды.

«Вакцинаның тиімділігі екпе алған еркітілердің ағзасында қалыптасқан антиденелермен есептеледі. Антиденелердің болуы вирустан қорғануға кепілдік бермейді. Әлемдік тәжірибеде Pfizer, Moderna, AstraZeneca, Sputnik-V вакциналарының тиімділігі еріктілердің ұзақ уақыт аралығында тапсырылған ПТР нәтижелеріне қарай есептеледі. Бұл вакциананың тиімділігін нақты көрсетеді. QazVac тиімділігін антиденелердің санына қарай есептеу шындыққа жанаспайды», - делінген мәлімдемеде.

QazVac вакцинасының клиникалық сынағы 2020 жылдың 25 желтоқсанында басталған. 2021 жылы қаңтардың 11-і күні еркітілерді егу науқаны аяқталып, 9 айға уақытша тіркеу құжаты берілген. Қазір сынақтан өткізудің үшінші фазасы жүзеге асырылуда. Ол 2021 жылы 25 шілдеде аяқталады деп күтілуде. 29 сәуірдегі дерек бойынша QazVac вакцинасын 9 мың адам алған. Отандық вакцинаны денсаулық сақтау министрі Алексей Цойда алған. Жыл басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «сынақтан сәтті өтсе QazVac вакцинасын салдыратынын» мәлімдеген. Бірақ кейіннен оның Ресейдің «Sputnik-V» вакцинасын салдырғаны жөнінде ақпарат тараған. Бұл БАҚ пен әлеуметтік желіде қызу талқыланғаннан кейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли «Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық вакцинаны алуға ниетті» деп Facebook парақшасына жазған.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

05.04.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

23.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

22.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

20.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

18.03.2024
MalimBlocks
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

Екі ел басшылары өңірлік күн тәртібін талқылап, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

Осы уақыт аралығында қандай маңызды шешім қабылданды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.