Президент қол қойған жер заңын халық ұзақ күтті – Башимов

  • 01.07.2021

Baq.kz сайты Еуропалық құқық пен адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Башимовтан  Президент қол қойған жер заңына қатысты пікір сұрапты.

«Бұл заңды халық ұзақ күтті. Оған үлкен үміт пен сенім артты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жер комиссиясы құрылып, ұзақ талқылаудан кейін олар бұл бағыттыға сыбайлас жемқорлықты тамырымен жоятын жүзден астам нақты бағыттар мен қадамдарды ұсынды. Маңызды деген барлық нормалар заңда көрініс тапты. Өзгерістерге қарсы шыққандар да болды. Алайда Мемлекет басшысының жердің шетелдіктерге сатылмайтыны туралы шешімі Заңның қабылдануына үлкен негіз болды. Бұл мәселе қоғамда үлкен резонанс туғызған болатын. Қоғам Мемлекет басшысының бұл шешімін қолдады», - депті ол.

Башимов жаңа заңда өзі байқаған жаңалықтарды да айта кетіпті.   

«Заң аясында қазақстандықтар жерді 49 жылға жалға алу, аренда мерзімі өткен соң оны ұзарту мүмкіндігіне ие болды, жер қатынастары комитеттеріне мемлекеттік бақылау функциясы қайтарылды. Жергілікті жердің жағдайы мен халықтың қажеттілігін ескеру арқылы жайылымдық жерлердің шекаралары бекітілді. Барлық өркениетті елдер сияқты – ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді пайдалану туралы ақпарат мемлекеттік жер кадастрының интернет ресурсына жүктеліп, халық үшін ашық ақпарат ретінде ұсынылады. Бұрын ақпаратты жария етпеу халық арасында наразылық туындатып, көңілдеріне күдік ұялататын. Қазақстандықтарға ауылшаруашылық мақсаттағы жерді жекеменшікке беру туралы мораторий мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды, - депті.

 

Байланысты жаналықтар

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

26.04.2024

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

25.04.2024

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024
MalimBlocks
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

Іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады.

Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

Заңға қол қойған АҚШ президентінің сөзінше, Украинаға арналған көмек бірнеше сағатта межелі жеріне жөнелтіле бастайды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.