Майғазиев жалған мәлімет таратқан белсендіні сотқа берді

Malim Админ

  • 15.07.2021

Бүгін Алматыда Шымкент қалалық мәдениет үйінің жетекшісі, әнші Сәкен Майғазиевтің талабы бойынша азаматтық белсенді Аружан Дүйсебаеваға қатысты сот отырысы басталды.

Сотқа берген арыз-талабында әнші белсендіні «ар-намысыма тиіп, қорлады» деп айыптап отыр.

Аружан Дүйсебаева өзін Қазақстанда тіркелмеген Ж.Мамай жетекшілік ететін Демпартияның белсенді өкілі ретінде көрсетеді. Ол 2021 жылдың наурыз айында Youtube арнасында екі видео жариялап, онда мәдениет үйінің басшысының ар-намысына тиетін сөздерді қолданған. Атап айтқанда, Сәкен Майғазиевті «мемлекет тарапынан бөлінген 565 млн теңгені жоқ қылды», «жемқорлыққа бару халыққа жасаған опасыздық», «жемқор» және т.с.с. айыптаған.

Өз талабында Сәкен Майғазиев соттан Дүйсебаеваны қылмыстық жауапкершілікке тартып, екі видеоны өшіруге және әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрауға міндеттеуін өтінген.

Еске сала кетейік, Шымкенттегі Наурыз мерекесін тойлауға байланысты ақпаратты алғаш рет мемлекеттік сатып алудың ашықтығын зерттейтін журналистер тобы жариялаған болатын. Олар Майғазиевке қатысты нақты дәлелді факт болмаған соң, мамайшыл белсенді секілді жөнсіз айыптау сөздер жазбаған болатын.

         Айта кетейік, Дүйсебаева видео жариялаған соң Майғазиев әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, ішкі аудит органдары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан тексеру жүргізілгенін айтты. Олар Шымкент қалалық мәдениет үйінің Наурыз мейрамын тойлауға қатысты өткізген мемлекеттік сатып алуына қатысты ешбір бұзушылық анықталмағанын айтты деп мәлімдеді.

Байланысты жаналықтар

Көркем гимнастикадан әлем чемпионатында екі қазақстандық финалға шықты

02.05.2024

Футбол: ПСЖ Боруссия Дортмунд клубынан жеңілді

02.05.2024

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

30.04.2024

Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегі қашан болатынын айтты (ВИДЕО)

26.04.2024

Қазақстандық боксшы Сергей Липинец британдық Робби Дэвис-кішімен жекпе-жекке шығады

25.04.2024

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

24.04.2024
MalimBlocks
Көркем гимнастикадан әлем чемпионатында екі қазақстандық финалға шықты

Бұл додада Қазақстан намысын 8 спортшы қорғап жатыр.

Футбол: ПСЖ Боруссия Дортмунд клубынан жеңілді

Есеп: 1:0 UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екінші ойында Германияның «Боруссия Дортмунд» клубы Францияның «Пари Сен-Жермен» командасынан басым түсті.

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Оның қарсыласы әлі белгісіз.

Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегі қашан болатынын айтты (ВИДЕО)

Осыған дейін қазақ файтерін аустралиялық спортшы Джек Делла Маддалена (17-2) жекпе-жекке шақырған болатын.

Қазақстандық боксшы Сергей Липинец британдық Робби Дэвис-кішімен жекпе-жекке шығады

Бокс 9-мамыр күні АҚШ-тың Поант-Сити қаласында өтеді. Липинец пен Дэвис бокс кешінің негізгі кездесуін жасайды.

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

Ол Қазақстан рекордын да орнатты.