Әкім сайлауы: дауыс санаудан шағым түспеді

  • 26.07.2021

«Сайлауды партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ бақылаушылар жұмысының қорытындысын жариялады. Бұл орталық ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды байқау процесін қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын. Сайлауды, оның ішінде сайлау учаскелерінде бақылау мен мониторинг жүргізген орталықтың

филиалдары елдің барлық өңірлерінде орналасыпты.

 Сонымен, 2021 жылғы 25 шілдеде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды байқауға белсенді қатысқан орталық не байқаған?

Дауыс беру күні таңғы сағат 7.00-ден бастап орталықтың 2000-нан астам байқаушысы республиканың барлық облыстарындағы ең шалғай сайлау учаскелерін қоса алғанда, 1845 сайлау учаскесінде дауыс беруді бақылауға қатысыпты. Өңірлердегі сайлауды бақылау бойынша партиялық емес бақылау орталығының жұмысына 95 ҮЕҰ серіктес тартылыпты.

«Сайлауды партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ жанында ахуалдық орталық жұмыс істеді, онда өңірлерден келіп түскен деректер өңделді және талданды. Өңірлік байқаушылар штабтарымен жедел байланыс тұрақты негізде сақталды және 14 облыста филиалдардың басшыларымен жұмысты үйлестіру жүргізілді.

Барлық бақылаушылар учаскелерге қолданыстағы сайлау заңнамасына, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарына сәйкес жіберілді.

Байқаушылар электораттың жоғары келуін атап өтті. Сайлау комиссияларының жұмысына шағымдар мен теріс пікірлер түскен жоқ, сайлау учаскелерінде елеулі бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Бұзушылықтарға қатысты, бұзушылықтардың басым бөлігі техникалық сипатта болғанын және жергілікті жерлердегі сайлау комиссияларының мүшелерімен жедел жойылғанын атап өткен жөн.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде: жекелеген азаматтардың өз отбасы мүшелеріне дауыс беру әрекеттері; дауыс беру кабинасына екі адамнан кіру; кейбір азаматтардың куәландыратын құжатсыз бюллетень алуға ниеті; әлеуметтік қашықтықты сақтамаудың жекелеген фактілері.

Біздің байқаушыларымыз осындай 12 бұзушылықты тіркеді. Жалпы, олар сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығына әсер етпеді.

Дауыстарды санау процесі шағым тудырмады. Бақылаушылар сайлау процесінің соңына дейін болды. Байқаушылар есептеу рәсімінің жариялылығы мен ашықтығын атап өтті.
«Бұдан әрі партиялық емес бақылау орталығы бақылаушылардың этика кодексін әзірлеуді ұсынады. Өткен сайлау байқаушылардың барлығы өз миссиясын адал атқармайтындығын көрсетті. Бақылаудың негізгі мақсаты заңнаманың сақталуын бақылау болғанына қарамастан, көбінесе бақылаушылардың өздері заң талаптарын елеулі түрде бұзуға, соның ішінде бейне түсіруді жүргізуге және учаскелердегі басқа да дұрыс емес мінез-құлыққа жол береді. Бұл мінез-құлықтың көптеген фактілері сайлау заңнамасының білім деңгейінің жеткіліксіздігімен немесе тәжірибенің жоқтығымен байланысты. Бірақ сайлау процесінің беделін түсіру үшін әдейі арандатушылық әрекеттер жасайтындар да бар. Сондықтан бақылау институтын кәсібилендірудің және жалпы бақылау процесінің барлық қатысушылары сақтауы керек бірыңғай нормаларды әзірлеудің уақыты келді. Біз бақылаушылардың кәсіби пулын дайындау үшін жүйелі және жоспарлы түрде жұмыс істейтін боламыз. Партиялық емес бақылау орталығы бақылаушылар этикасы кодексін құру туралы бастама көтереді», - депті  «Сайлауды партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ төрағасы Төлеген Кунадилов.

Байланысты жаналықтар

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

26.04.2024

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

25.04.2024

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024
MalimBlocks
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

Іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады.

Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

Заңға қол қойған АҚШ президентінің сөзінше, Украинаға арналған көмек бірнеше сағатта межелі жеріне жөнелтіле бастайды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.