Қамаудағы "саяси тұтқынның" үстінен тағы бір іс қозғалды

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 04.08.2021

Саяси тұтқын Алмат Жұмағұловтың үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде ол түрмеден Адам құқықтарын қорғау бюросына жазған хатында мәлімдеді. 

Алмат Жұмағұлов сөзінше, оны түнгі сағат 23:30-да штабқа апарып, прокурордың қатысуынсыз Айжан есімді тергеуші үстінен қылмыстық іс қозғағанын айтқан.

«Кеше түнде 23:00-де мойор Жандос пен ұлттық ұланның екі қызметкері ұйықтап жатқан жерімен оятып, прокурор мен тергеуші келіп тұр деп, штабқа алып кетті. Себебін сұрағанда өздері түсіндіріп айтады деді. Штабқа барғанымда бөлмеде прокурор болмады, тек Айжан есімді тергеуші мен жедел бөлім қызметкері болды. Не болып қалды деп сұрап едім, менің үстімен ҚРҚК 102 бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып жатқанын айтты», - дейді Жұмағұлов хатында.

Жұмағұлов өзіне тағылған айыппен келіспейді. Ол бұның барлығын түрме әкімшілігі арнайы органдардың тапсырмасы бойынша жасалып жатқанын айтады. Оның айтуынша, осы арқылы сот алдында оған арандату жасалып жатыр.

«Бұл оқиғаның барлығы менің сотымның алдындағы арандатушылық іс-әрекеттер. Себебі менде бар 5 марапат пен 3 дәрежедегі оң мінез-құлықты жойып, СУС-қа қамау. Соттан өткізбеудің амалы», - дейді Жұмағұлов.

 

"Жиһадшылар ісі" бойынша жауапқа тартылған Алмат Жұмағұлов 2018 жылғы желтоқсанда Алматы қаласы Алмалы ауданы сотының үкімімен сегіз жылға сотталған. Ол "терроризмді насихаттады", "ұлтаралық араздық қоздырды" деп айыпталған.

Құқық қорғаушылар белсенді Алмат Жұмағұловтың саяси көзқарасына байланысты қудаланып отырғанын айтады. Еуропарламент 2021 жылдың ақпан айындағы қарарында Нұр-Сұлтанды "саяси тұтқындарды" босатуды, оның ішінде Алмат Жұмағұловты да бостандыққа шығаруға шақырған.

 

 

Байланысты жаналықтар

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

26.04.2024

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

25.04.2024

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024
MalimBlocks
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

Іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады.

Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

Заңға қол қойған АҚШ президентінің сөзінше, Украинаға арналған көмек бірнеше сағатта межелі жеріне жөнелтіле бастайды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.