Президент мырза, Қайырбековаға араша түсіңізші

Malim Админ

  • 13.03.2020

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ұжымы президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА ашық хат жолдады. Ұстаздар бұрынғы ректорлары Анар ҚАЙЫРБЕКОВАНЫ қайта басшылық қызметк еқоюды сұрайды. Анар МЕРЕКЕҚЫЗЫ 2019 жылдың қазан айында ректор болып тағайындалған. 2020 жылдың ақпан айынды Білім және ғылым министрлігі міндеттемесін дұрыс атқармады деп қызметінен босатқан еді.

Жоғары мәртебелі Қасым Жомарт Кемелұлы!

Сіз біздің Президентімізсіз. Сіздің тазалығыңызды, адамгершілігіңізді құрметтейміз. Жүргізіп отырған саясатыңызды қолдаймыз. Біз, Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік  педагогикалық университетінің  ұжымы сізге ӨТІНІШ  жолдап отырмыз.

Жақында ғана  бізге ректор болып тағайындалғанына не бәрі 3,5 ай ғана болған  Анар ҚАЙЫРБЕКОВАНЫ Білім және Ғылым министрлігі үстінен бұрынғы басшының сыбайластары 7-10 оқытушы-профессордың  жазған арыз бойынша қызметтен негізсіз босатып, ұжымға қиянат жасағандай болды. Жазылған арызды ешкім тексерген жоқ. Ұжымның пікірін сұраған жоқ. Ал ол арызды ұйымдастырған университетімізді  2011 жылдан бері басқарып келген бұрынғы ректордың жақтастары болатын. 

Кішкентай шегініс. Ұжымда бұрын қыйтетсе  қызметкерлерден ақша жиналатын. Айлығымыз өте аз еді. Ескі стилмен, «ұрда жық»  тәсілімен басқаратын. Ал Анар Қайырбекова ректор болып тағайындалған соң көзіміз ашылды, оқытушылардың мүддесін қорғар қамкөңіл қамқоршы басшыға тап болдық деп дән ризашылық білдірдік.

Анар Қайырбекова жақсы менеджер. Көзі ашық. Артық сөзі жоқ. Ұжымға жаны ашиды. Сырттан ешқандай лауазымдық қызметке командасын тартпастан, іштегі еңбектері мен көзге түскен қызметкерлерді көтермеледі. Келді де ақша жинауды тоқтатты, студенттерге жағдай жасауға кірісті. Ұзақ  жылдан бері сыйлық алып көрмеген барлық оқытушы-профессорларға  екі рет  бір айлық көлемінде сыйлық берді, айлықты сіздің тапсырмаңызға сәйкес көбейтті. Енді үйреніп жұмысқа  кірісіп келе жатқанда Анар Қайырбекованы арнайы тапсырыспен жазылған арызды негізге алып қызметтен босатты да  жіберді. Біз не болғанын түсінбей дал болдық та қалдық.

Университетімізде  бұрынғы басшының үстінен неше арыздар факт бойынша жазылған, соның ешқайсысы осы кезге дейін ескерілмеді. Бармақ басты, көз қыстылықпен келді (фактілерін қайта жіберуге болады). Жақында университетке бұрынғы басшылыққа қарсы қаржылық тексеру келді. Ол тексеру бұрынғы басшылықтың қолтығынан су бүркіп, солардың дегенін жасады (мүмкін сыбайлас болар). Біз бұрынғы экс-ректорымыздың  меншігіндегі  отбасылық Жетісайдағы  «Сырдария» университетінің филалы сияқты болдық. Жақсының барлығы солай қарай кеткен болуы мүмкін.

Ректорымыз Қайырбекова Анар адал адам. Осындай заң бұзушылықтарға жол бергендігін сезді ме, бұрынғы ректорды, проректорларды «қыса» бастаған еді үсітенен жазылған арызды тексермей-ақ қызметінен босатты да жіберді. Неге бұлай болды? Ұят қой, педагог мәртебесі заңын қабылдап жатқан да министрдің мына ісі қай сасқаны. Киелі қара шаңырақ саналатын Педагогикалық оқу орнының әділ басшысына қолдау көрсетудің орнына, қайта арадатушыларға жығып бергені ма?  Студенттер не дейді? Қазақстан құқықтық мемлекет деп жүрміз. Заңсыздықты түзетіңізші, Президент мырза!

Қасым Жомарт Кемелұлы, қазір біз баяғы таз қалпымызға  түстік. Билікті баяғы «ұр да жық»  топ қолдарына қайтадан алды. Соның дәлелі жұмыстан босатылған бұрынғы ректор Анар Қайырбекованы оқу орнына заттарын алуға келген кезде кіргізбеуі нағыз сорақылық емес па? Мұны көрген студенттер мен оқытушылардың не ойлағанын білсеңіз ғой. Ұстазға деген құрмет осылай көрсетілуі керек па? Бұрынғы басшысын оқу ордасына кіргізбеген басшы ұжымға не жағдай жасап, студенттерге не береді деп ойларсыз. Соны көре тұра қасқырға қой бақтырғандай күй кешіп, біз қалай шыдап тұра аламыз.

Ұстаздардың ұстаханасы саналатын Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік педагогикалық университетінің барша ұжымы сізден Анар Қайырбекованы осы ұжымға қайта ректор етіп жіберуіңізді сұрайды және үміттенеді.

Құрметпен ОҚМПУ ұжымы.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

05.04.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

23.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

22.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

20.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

18.03.2024
MalimBlocks
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

Екі ел басшылары өңірлік күн тәртібін талқылап, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

Осы уақыт аралығында қандай маңызды шешім қабылданды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.