Ішімдік өзіңе ғана зиян емес...

Malim Админ

  • 31.08.2021

Жаздың соңғы күні. Аптап ыстық қайтып, қоңыр салқын басталар шақ. Адам өміріне бір жайлы уақыт осы тамыздың соңы, қыркүйек, қазан болса керек-ті. Мизамшуақтың рахатын сезінесің. Бірақ адам осындай ғажайып, кереметтерден өзі қашады. Өзі жаман ғадет тауып, кесірлікке ұрынатын сияқты.

Мысалы, ішімдіктің зиянын осы уақытқа дейін талай айттық. Талай айтылып та жатыр ғой. Оған бас қатырып, осыны қоя қояйын деп ұмтылып жатқан жан баласын көрмедік. Қайта «қой» деген адамды мазақ қып, әжуалайды. Оны қойыңыз, мені шошытқан мына хабар болды.

«Риддерде полицейлер орман өртінің алдын алды», – деп хабарлады жергілікті бұқаралық ақпарат құралы. Бұл не деген немқұрайдылық деп таңғаалсың. Адамдар неге ойланбайды? Олардың «рахатынан» неге біреулер жапа шегуі керек. Дәл осындай салғаттықтың салдарынан отыздан астам үй өртеніп, Риддердің халқының есі екеу, түсі төртеу болғаны кеше ғана емес пе еді?

Үстіміздегі жылдың 28 тамызында орман алқабына жақын жерді тексеріп, бақылау барысында полиция қызметкерлері орман алқабы жағынан күйік иісін сезіп, түтінді байқаған. Белгілі болғандай, екі жергілікті тұрғын мас күйлерінде от жағып, оттың таралуына қауіп төндірген. Жалындаған от шырша мен қарағайдың бұтақтарын шарпып, от ұшқыны жапырақ пен шөпке ұшып, кез-келген сәтте өрт басталуы мүмкін еді ғой. Неге соны ескермеді? Өйткені олар мас еді. Ескере алмайтын. Ес те жоқ еді.

«Орман өртінің пайда болу қаупін полицейлер өз күштерімен жойды, ал спирттік ішімдіктерді ішкен және от жаққан адамдар Қазақстан Ресбуликасының ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов. Осы қызметі үшін, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментіне полиция қызметкерлерінің орман алқаптарында болуы мүмкін өртті дер кезінде сөндіргені үшін өрт десе есі шығатын Риддер қаласының тұрғындарынан алғыс кеп түскен.

Әрине, орынды алғыс. Осы арақтың кесіренен Шығыс өңіріндегі орман алқабын от алар еді. Өрт басар еді. Күні кеше ғана бауырлас Түркия жұмхриятында болған алапат өртті неге ұмыттық? Тілсіз жаудан қашып, үй-күйінен айырылған халықтың зарын неге естімедік? Неге адамзат бір-бірінің өмірінен сабақ алмайды?

Алмайды екен. Өз басынан өтпегенше, адам ештеңені түсінбейді. Асыл дініміз бекерден бекер арақты харамға жатқызған жоқ. Екі дүниенің сардары, адамзаттың асыл тәжі пайғамбарымыз (Алланың ол кісіге сәлемі мен игілігі болсын) да хадистерінде арақтың харам екенін нақты айтып кеткен. Оған қасиетті Құран кітабымызда да айқын аяттар бар. Мәида сүресінің 90-90 аяттарында ұлы Раббымыз былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Шындығында арақ, құмар ойын, пұттар, көріпкелдік жасайтын жебелер – шайтанның істерінен. Сондықтан да олардан қатты сақтаныңдар, сонда құтыласыңдар! Шындығында шайтан арақ пен құмар ойындар арқылы сендердің араларыңа от салып, дұшпандық пен жеккөрушілікті орнатуды, сендерді Алланың зікірінен, намаздан алыстатуды қалайды, сонда да тоқтатпайсыңдар ма?! Аллаға мойынсұныңдар әрі Оның елшісіне мойынсұныңдар, сақтаныңдар! Ал егер кері кетсеңдер, біліңдер, Елшіміздің бар міндеті  анық жеткізу ғана». Яғни, Жаратқан иеміз ескертіп отыр. Ол рас. Бұл күнәлі істерді жасау арқылы алдымен Алладан алыстаймыз. Сосын бір-бірімізге дұшпан боламыз. Ардақты пайғамбарымыз (Алланың ол кісіге сәлемі мен игілігі болсын)  былай дейді: «Барлық мас қылушы – арақ һәм барлық мас қылатын нәрсе харам». Хадисті имам Бұхари, имам Мүслім, имам Әбу Дәуіт, имам Тирмизи және имам Нәсәи риуаят еткен.

Осы сөздерді естіп тұры, біліп тұрып, күнәға барамыз. Бұл күнә адамның өзіне ғана емес, айналасына да зиян екенін түсінейміз. Білгіміз келмейді, түсінгіміз келмейді. Тіпті, бұдан да ауыр хадистер бар. Алланың сүйікті елшісі, пайғамбарымыз (Алланың ол кісіге сәлемі мен игілігі болсын) бір хадисінде: «Үш адам жәннатқа кірмейді. Олар: арақ ішуші, туыстық байланысты үзуші және сиқырға сенуші. Кімде-кім арақ ішіп, мас болып өлсе, даңқты һәм ұлы Алла одан әл-Ғута өзенінен сусындатады», – дейді. Адамдар: «Уа, Расулалла! Әл-Ғута өзені деген не?» – деп сұрағанда, Пайғамбар (Алланың ол кісіге сәлемі мен игілігі болсын): «Ол тозақтағы зинақор әйелдердің мүшелерінен ағатын өзен. Олардың мүшелерінің исінен бүкіл тозақтықтар қатты жиіркенетін болады», – деп жауап берген. Бұл хадис Ахмад, Әбу Яғла, Ибн Хиббан, Хакимдер жеткен екен. Не деген қорқынышты! Адамдарды бұл қорқыту емес. Ескерту ғой. Болашағына алаңдамайтын адамдар болады. Әрине, Алла ұлы, Мейірімді. Бірақ Ұлық Иеміз кімді кешіреді, кімді кешірмейді өзі біледі. Ол оның қызырындағы іс. Біз осы өзіміздің қоғамдағы жағдайға алаңдаймыз. Сол Риддерде өрт болса, не болар еді? Құдай сақтаған екен!

Бұл ішімдіктің бір зияны ғана. Ал осы ішімдікті ішіп алып, көлік айдап кететіндерді де жолықтырамыз ғой. Мысалы, Ақтөбеде әйел адам мас күйінде көлік айдап, ұсталып қалды. Ұсталаны қандай жақсы болған! 29 тамызда сағат 10.30-да патрульдік полиция қызметкерлері Ряхов көшесінде жол ережесін бұзғаны үшін Toyota RAV4 автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінін 37 жастағы әйел адам басқарып отырған. Полиция қызмкеткерлері тексеріп қалса, әйелдің мас екені және бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталған. Масқара ғой. Осыған дейін де бұндай жағдайға душар болған. Бірақ онысымен қоймай, көлік айдаған. Тағы мас күйінде. Бір емес,екі заңды белшесінен басып оты.

Бұл факті бойынша Қазақстан Ресбуликасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылған. Әйел адам Ақтөбе қаласының уақытна ұстау изоляторына қамалған.

Әрине, бұл ісі үшін ол әйелді ешкім бас бостандығынан айыра қоймас. Бірақ ұзақ мерзімге көлік айдау құқығынан айыру қажет. Жоғарыдағы мастық өзіңе ғана емес, өзгеге де зиян дегеніміз осы. Арақты өзің үшін ішкеніңмен, зияны біреуге тисе – несі рахат! Белгілі ақын Арман Бердалиннің:

Бұл арақты ішіп еді қай бабаң?

Ішпек түгіл ауызын да шаймаған.

Алла бізге арам деді арақты

Зияны көп болғаннан соң пайдадан, - деп жырлауы сондықтан. Мас күйінде көлік айдаудың зардабы көп. Зардабы деп айту бері жағы шығар, өлімге дейін апарады. Өз өміріңе, біреудің өміріне жауапсыз қарау деген масқара ғой. Күні кеше Қызылорда қаласында Toyota Land Cruiser көлігін басқарған мас жүргізуші жол апатына себепкер болды.  «29 тамыз таңғы сағат 05:46 шамасында Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі Қызылорда қаласының орталық көшелерінің бірінде көліктің басқару жүйесіне ие бола алмай, бағдаршам алдында тоқтап тұрған жедел жәрдем автокөлігіне соққан. Орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам медициналық мекемеге жеткізіліп, көз жұмды» деп жазды бұқаралық ақпарат құралдары. Екі адамның өдіміне себеп болған Toyota Land Crusier автокөлігінің жүргізушісі тексергенде “орта” дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталған. Ақтөбедегі әйел адам сияқты бұл азамат Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2016 жылғы қараша айындағы шешімімен бес жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған екен. Демек оны ңкөлік жүрзігуге әлі құқығы жоқ. Бес жыл өткен. Тағы екі ай ғана қалған. Демек, бұл азамат осыған дейін де көлік айдап жүрген. Заңды бұзған.

Осы күні орын алған жол- көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Ресбуликасы  Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 6-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан көп адам өліміне алып келген іс-әрекеттер) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтасына қамалған. Бұл жүргізушіні өмір бақи көлік айдау құқығынан айыру керек. Тіпті, екі адамның ажалына себеп болғаны үшін, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы да мүмкін. Қазір полиция тиісті зерттеу жүргізіп, сот өз шешімін шығарады.
Бізге ішімдікті пайдаланбауға байланысты айтылған сөз жеткілікті. Оның зияны да айтылған. Бесінші халифа деп танылған Омар бин Абдулазиз арақ ішкендерді олармен қоса ішімдікті аузына алмаса да сол дастарқан басында отырғандарды дүреге қоса жығатын болған екен. Себебі сол күнәға ортақтасып отыр. Адамға қазір олай айту қиын. Қазір түсінік те өзгерді. Бірақ сол пәленің зиян екенін адам тсүінсеші. Ақиретті айтпағанның өзінде, осы дүниеде зардабын тартады.

Хас хажиб Жүсіп Баласағұни бабамыз:

Шарап ішпей, бәледен жүр қашықта,

Байқа, атанба зинақор да, пасық та.

Сақ бол, шарап, зинақорлық күйгізер,

Олар тонын кедейліктің кигізер, –  депті. Рас сөз. Діннен шыққан сөз. Адамның өмірі бәрінен аяулы ғой. Оны өзге емес, бірінші өзі сақтауы керек.

Қазақтың бір даналық сөзі бар:  «Қызың арақ ішсе – қызығыңның кеткені, ұлың арақ ішсе – ырысыңның кеткені» деген. Қызығымыздан да, ырысымыздан да айырылмайық. Дүниенің тұтқасын ұстау үшін осындай арам амалдардан алыс болған дұрыс. Даңқты қазақ: Бауыржан Момышұлы: «Адамды үш нәрсе бүлдіреді: арақ, ақша, атақ» депті. Рас. Мысалы, Риддердегі оқиғаны айтайық, егер полиция қызметкерлері дер уағында байқамаса, не болар еді? Бір акыл емес, бүкіл ел қайғырып, зардап шегер еді. Еңейген кәріден еңбектеген балаға дейін алаңдап қалар едік. Ондай апаттардан Құдай сақтасын дейік.

Бұндай мысалдарды ақпарат айдынынан көптеп кездестіруге болады. Бірақ оның салдарымен күресіп жатқандарды сирек көреміз. Өмір бізге ізгілік үшін берліген. Отан да біз де – жалғыз. Сол жылғыздардың қорғай білейік. Қоғамға пайдамыз тимесе де, зиянымызды тигізбейік.

Нұрсана Қанағатқызы,

174 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы

Байланысты жаналықтар

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

30.04.2024

Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегі қашан болатынын айтты (ВИДЕО)

26.04.2024

Қазақстандық боксшы Сергей Липинец британдық Робби Дэвис-кішімен жекпе-жекке шығады

25.04.2024

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

24.04.2024

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

08.04.2024

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

03.04.2024
MalimBlocks
Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Оның қарсыласы әлі белгісіз.

Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегі қашан болатынын айтты (ВИДЕО)

Осыған дейін қазақ файтерін аустралиялық спортшы Джек Делла Маддалена (17-2) жекпе-жекке шақырған болатын.

Қазақстандық боксшы Сергей Липинец британдық Робби Дэвис-кішімен жекпе-жекке шығады

Бокс 9-мамыр күні АҚШ-тың Поант-Сити қаласында өтеді. Липинец пен Дэвис бокс кешінің негізгі кездесуін жасайды.

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

Ол Қазақстан рекордын да орнатты.

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Ол кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 38-де жеңіске жеткен. ҚР спорт шебері.

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте агенттік төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен өткен ведомствоаралық мәжілісте айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.