Қазақстан көрші елдерді асырауда

Жыл басынан бері Өзбекстанға 191 млрд теңге аударылған.

  • 21.10.2021

Биылғы тоғыз айда Қазақстаннан сыртқа аударылған қаражат елге әкелінген ақшадан 3,5 есе көп. Алайда елімізге биыл сырттан келген ақша жылдағыдан 4,5 %-ке ғана артық екен.   

Ұлттық банк дерегінше, халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы Қазақстаннан шетке жөнелтілген қаражат көлемі осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 644,3 млрд теңгені құрапты, бұл өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда  40,4% артық.
Ал, осы уақыт аралығында өзге мемлекеттерден елімізге 186 млрд теңге жөнелтіліпті. Ranking.kz сарапшыларының есептеуінше бір жыл бұрын елден жөнелтілген ақша мен елімізге аударылған қаражаттың арасындағы айырма 2,6 есе болатын. Жыл өткен сайын айырмашылық ұлғайып барады.

Сонымен, Қазақстан негізінен көрші елдерді асырауда. Нақтырақ айтсақ Өзбекстанға 191 млрд теңге жөнелтілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен екі есе көп. Бұл тұрғыда былтырғы пандемия ішкі еңбек күшін тартуға оң ықпал еткені көрініп тұр.

Одан кейінгі кезек Түркияда, қаңтар айынан бергі 8 айда 127 млрд теңге осы елге аударылыпты, былтырғы көрсеткіш 74,7 млрд теңге екен. Түркиядан үй алушылар мен бизнес жасаушы отандастарымыз осы елдің экономикасына біраз инвестиция құйғандарын сезді ме екен?

Ресей де біздің ақшадан кенде қалып отырған жоқ. 122,2 млрд теңге жөнелтілген, дегенмен былтырғыдан сәл де болса аз. Былтыр 8 айда Ресейге 127,2 млрд теңге аударылған болатын. Ал, Қырғызстан 99,6 млрд қазақ теңгесін алыпты, былтырғы көрсеткіш 96,7 млрд теңге болған екен.

Елімізге аударылатын қаражат көлемі бойынша да Ресей алдыңғы орында, алайда көрсеткіш өткен жылға қарағанда 22%-ке азайған. Биыл 8 айда 39 млрд теңге келсе, былтыр 50,1 млрд теңге аударылып еді. Ақша аударымдары артқанымен қоса, еліміздің Ресей тауарларына да деген сұранысы да ұлғайып кетті. Ол еліміздегі бүкіл импорттың 40,8% құрайды. Осылайша Ресейден инфлицияны да импорттап отырғанымызды Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев мойындаған болатын.

Ал, Өзбекстан екінші орында. Биыл өзбектер бізге 29,5 млрд теңге аударыпты, былтыр 18,1 млрд теңге келген екен.  Кореяда еңбекақы жоғары саналатын болса да,  көптеген қазақстандық азамат жылдар бойы еңбек етіп жүрген Кореядан бізге аударылатын ақша біздің елде еңбек етіп жүрген өзбек азаматтарының өз елдеріне аударатын ақшасынан әлдеқайда аз. Биыл Кореядан елімізге 27,6 лрд теңге, былтыр 34,3 млрд теңге әкелінген.

Ал, Түркиядан биыл 7,7 млрд, былтыр 5,3 млрд теңге ғана келген. Осы мемлекетке біздің елден  аударылған қаражатпен салыстыруға келмейді. Арасы тым алшақ.

Оған қарағанда АҚШ-тан елімізге көбірек ақша аударылады, биыл 8 айда 21.2 млрд теңге,былтыр 13,8 млрд теңге келген.

Осылайша, Қазақстан алыс-жақын көршілерді асырап отырған жайы бар.

Байланысты жаналықтар

«ЖИ қолданады»: Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түріне байланысты мәлімдеме жасады

25.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Өзбекстан халқының саны 37 миллионнан асты

22.04.2024

Базалық мөлшерлеме 14,75% деңгейінде қалды – Ұлттық банк

12.04.2024

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

05.04.2024

Қазақстан президенті Өзбекстанға барды

05.04.2024
MalimBlocks
«ЖИ қолданады»: Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түріне байланысты мәлімдеме жасады

Зиян тигізетін сілтемелер балалар байқауына дауыс беру немесе әлеуметтік маңызы бар тақырыптарда сауалнамаға қатысуға шақыру түрінде де жіберілуі мүмкін.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Өзбекстан халқының саны 37 миллионнан асты

16 сәуірде бұл сан 36 990 128 болған.

Базалық мөлшерлеме 14,75% деңгейінде қалды – Ұлттық банк

Ақпанда және наурызда жылдық инфляция төмендеу үрдісін жалғастырды.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

Екі ел басшылары өңірлік күн тәртібін талқылап, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды.

Қазақстан президенті Өзбекстанға барды

Тоқаевты Шавкат Мирзиёевтің өзі күтіп алды.