Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Әлеумет

«Nur Otan қазақты бақытқа жетелей берсін»

malim Авторы: malim
12.06.2020
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында коронавируспен күрес жағдайында белсенділік танытқан волонтерлар партия төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ алғыс хатымен марапатталды.

Марапат иелері республикалық «Biz Birgemiz» акциясында көзге түскен азаматтар. Волонтерларға алғыс хатты партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК тапсырды.

Сондай-ақ, Бауыржан ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ шоумен Тұрсынбек ҚАБАТОВ, әнші Ибрагим ЕСКЕНДІР, айтыскер Балғынбек ИМАШЕВ, актер Әділ АХМЕТОВ сынды танымал адамдарды қабылдады. Айтыскер Имашев Бауыржан Байбекке өлеңін оқып, бас партияға тілегін айтты.

«Бауырымыз Ибрагим Ескендірдің «Көк тудың желбірегені» әнін тыңдағанда толқымайтын қазақ жоқ. Падемияның алдында «Бір бізгеміз» деген әні барлық қазақтың жүрегін жаулады. Менде «Әр қазақ менің көк туым» деген өлеңім бар еді. Сөзімді сонымен аяқтасам.

Көргенде шыдап жан қалмас,

Көк тудың желбірегенін.

Мен әлемдегі әр қандас,

Көк тудың өзі дер едім.

Ата дінімен жүрмесек,

Қарайғаны ғой қанымыз.

Ананың тілін білмесек,

Көк туды таптағанымыз.

Қазақты ұрса қол біздің,

Қазақ боп тұрып жанымыз.

Бауырды емес ол біздің,

Көк туды қорлағанымыз.

Өмірлік жарды таңдасақ,

Уәдеде тұрсын еліміз.

Қазақтың қызын алдасақ,

Көк туға түкіргеніміз.

Өзім деп әр ұл, әр қызын,

Мейіріміңнің төк нұрын.

«әр қазақ менің жалғызым»,

Әр қазақ менің көк туым!

Әр қазақты көк туым деп білетін «Нұр Отан» партиясы қазақты бақытқа жетелей берсін», – деді айтыскер Балғынбек Имашев.

Фото: qazaquni.kz

 

Tags: Балғынбек Имашев. Бауыржан БайбекНұр Отан Тұрсынбек Қабатовты қабылдады

Ұқсас жазбалар

Сағынтаевтың әкімдігі Боранбаевтың қонақ үйін жалдап жатыр

Авторы: Елнұр Бақытқызы
01.03.2021
0

Бақытжан Сағынтаев басқаратын Алматы әкімдігі Essentai Tower ғимаратында орналасқан аса қымбат The Ritz Carlton Almaty қонақ үйін жалдауға бюджеттің 25...

Әкімдікке түнеген сегізінші күн: Көлгінов аналармен кездескісі келмей ме?

Авторы: malim
01.03.2021
0

Нұр-Сұлтан әкімдігінде аналар сегізінші күн түнеуде. Аналар «ана мен баланың жағдайын жасау», «көп балалы аналарға үй беру», «лайықты жұмыс орындарын...

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Түркістандағы қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Авторы: malim
27.02.2021
0

Түркістанда жеке тұрғын үйде өлі табылған төрт бала мен олардың анасы неден қайтыс болғаны жайлы мәлімет жарияланды. Түркістан облысы әкімдігінің...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Көрнекі сурет.

Тоқаевты тыңдамайтын, халықты естімейтін министрлер

28.09.2020

Сотқа сенбейтін Сейсембайды әлеуметтік желі қорғай ма?

21.04.2020
Фото factcheck.kz сайтынан алынған

Әсия Төлесовадан  алты полицей “жәбір көрдік” дейді

07.07.2020
Садыр Жапаров

Қырғызстанның уақытша президенті отставкаға кетеді

26.10.2020

АҚШ Қазақстанды Ілияшевтің құқығын шектемеуге шақырды

26.06.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!