Malim.kz
Қоғам

10,3 млн теңгеге қатысты заң бұзушылық: БҚО-да жеке сот орындаушысына іс қозғалды

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

Батыс Қазақстан облысында жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Заң бұзушылықтарды прокурорлар атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың орындалуын тексеру барысында анықтаған.

Прокуратура мәліметінше, атқарушылық өндірістер бойынша өндіріп алушыларға төленуі тиіс 532 мың теңге аударылмаған. Сонымен қатар 9,8 млн теңге негізсіз түрде үшінші тұлғаның шотына аударылған деген күдік бар.

Тексеру материалдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жолданды. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары