"Қазгидромет" синоптиктері 18 тамыз, сейсенбіге арналған Қазақстан қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады. Елдің солтүстігінде күн салқындап, кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстік аймақтарда аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Malim.kz.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +10...+12, күндіз +23...+25 градус.
Алматыда күн бұлтты болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 11 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +19...+21, күндіз +31...+33 градус болады.
Шымкентте жауын-шашынсыз. Түнде +19...+21, күндіз +34...+36 градус ыстық болады.
Ақтауда жауын-шашын болжанбайды. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +31...+33 градус.
Ақтөбеде күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +14...+16, күндіз +30...+32 градус.
Атырауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +17...+19, күндіз +29...+31 градус күтіледі.
Жезқазғанда жауын-шашын болмайды. Түнде +14...+16, күндіз +26...+28 градус.
Қарағандыда күн ашықтау, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде +10...+12, күндіз +23...+25 градус.
Көкшетауда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +11...+13, күндіз +20...+22 градус.
Қонаевта күндіз +32...+34 градус ыстық болады. Түнде ауа температурасы +18...+20 градус шамасында.
Қостанайда күн салқындайды. Жауын-шашынсыз, түнде +8...+10, күндіз +20...+22 градус болады.
Қызылордада күн ашық әрі жауын-шашынсыз. Түнде +16...+18, күндіз +33...+35 градус.
Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түнде +12...+14, күндіз +21...+23 градус.
Петропавлда да жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде небәрі +7...+9, күндіз +20...+22 градус.
Семейде жауын-шашын болмайды, бірақ желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде +12...+14, күндіз +28...+30 градус.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз. Түнде +13...+15, күндіз +30...+32 градус.
Таразда күн жауын-шашынсыз болғанымен, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +15...+17, күндіз +32...+34 градус.
Түркістанда ең ыстық ауа райының бірі болжанып отыр. Түнде +19...+21, күндіз +35...+37 градус.
Оралда жауын-шашын болмайды. Түнде +15...+17, күндіз +30...+32 градус.
Өскеменде көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +13...+15, күндіз +28...+30 градус болады.