Malim.kz
Қоғам

2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам автожол салынып, жөнделеді

Арман Қайыпхан
Фото: ҚазАвтоЖол

2026 жылы Президент тапсырмалары аясында Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам автожол салынып, жөнделеді. Бұл туралы ҚР көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоспарға сай 2,3 мың шақырым жолда құрылыс пен реконструкция, 5 мың шақырымда күрделі және орташа жөндеу, 4 мың шақырымда жергілікті жолдарды дамыту жұмыстары жүргізіледі. Негізгі жобалар қатарында Қызылорда – Жезқазған, Ақтөбе – Ұлғайсын, Қарағанды – Жезқазған, «Орталық – Батыс» бағыттары бар.

Сондай-ақ ірі қалаларды айналып өтетін жолдар, туристік және шекаралық бағыттар дамытылады. Автожол саласында цифрлық шешімдер енгізіліп, автоматтандырылған өлшеу стансаларының саны 220-ға дейін арттырылады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары