Malim.kz
Экология

22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 22 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Түркістан облысында қар, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қар күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, түнде облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Түркістанда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте қар, түнде кей уақыттарда қар күтіледі. Кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Ақтау қ.: 23 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қар күтіледі.

Қарағанды облысында қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Қарағандыда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскеменде тұман күтіледі.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Қызылорда облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ: 23 қаңтарда жолдарда көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың таулы аудандарында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Таразда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман.

Ақмола облысында түнде аздаған қар, күндіз аздаған қар, облыстың оңтүстігінде, шығысында қар жауады. Жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары