Malim.kz
Қоғам

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Қазақстанда электросамокат жүргізушілеріне қатысты жаңа талаптар енгізіледі. 25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады, деп хабарлайды Malim.kz.

Енді самокат пайдаланушылары велосипед жолдарымен және веложолақтармен қозғалуы тиіс. Олар болмаған жағдайда, Жол қозғалысы ережелерінде көзделген жағдайларға сәйкес, жүріс бөлігінің оң жақ шетімен немесе жол жиегімен жүруге болады.

Жолдың жүріс бөлігімен қозғалған кезде электросамокат жүргізушісі 18 жасқа толған болуы, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы және қорғаныс шлемін киюі міндетті.

Ал қараңғы уақытта электросамокат жүргізушілері жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалануы керек.

Жаңа талаптар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және электросамокат пайдаланушылары мен жаяу жүргіншілер арасындағы қауіп-қатерді азайтуға бағытталған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары