Malim.kz
Экология

27 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды

Арман Қайыпхан
Фото: istockphoto.com

Қазгидромет 27 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде Жетісу облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысыныңбатысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында қатты аяз болатыны болжанады: -20...-22 градус. Ақтауда 27 қаңтарда көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және орталығында да тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түсетіні болжанады.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман болады.

Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығындағы екпіні 15-20 м/с.

Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсетіні болжанады. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысында көктайғақ болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қызылордада да 27 қаңтарда таңертең және күндіз көктайғақ, тұман болады деп болжанады.

Ұлытау облысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады деп болжанады.

Қостанай облысының оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары