Malim.kz
Әлем

60 жыл тұрса да тіл үйренбеген азамат елден қуылуы мүмкін

Ереке Базарқұл
© lsm.lv

Бұл туралы DW - Неміс толқыны жазыпты.

Галина Николаева - Латвия астанасы Рига қаласының тұрғыны екен. Ресей Украинаға шабуыл жасаған соң, Латвия ресейлік паспорты бар азаматтардың латыш тілінен емтихан тапсыруын міндеттеген.

Талап бойынша, жасы 75-тен асқандар емтихан тапсырмаса да болады. Бірақ Галина Николаева қазір 74 жаста. Ол латыш тілінен емтихан тапсыруға өтініш бермеген. Бұл жасымда емтихан тапсыру маған қиын дейді ол. Ең болмаса 65 жаста болсам бір сәрі дейді. Енді, оған Латвия аумағын тастап шығу туралы хат келіпті. Қазір үш айдан бері зейнетақысын ала алмай жүр екен. 

Латыш тілінен емтихан тапсыру және арнайы тексерістен өтудің қазір Латвиядағы Ресей паспорты бар 30 мың азаматқа қатысы бар.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары