Malim.kz
Оқиға

7 мамырда Астана мен Алматыда қайда баруға болады?

Айбын Атабай
Kazinform

7 мамыр - Қазақстанда Отан қорғаушылар күні. Бұл күні Алматы мен Астанада өтетін басты іс-шаралар қандай және ерлерге қандай сыйлық беру керек? 

Мереке тарихы: 7 мамыр қалай Отан қорғаушылар күніне айналды?

1992 жылғы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерін құру туралы жарлыққа қол қойылды. Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мереке мәртебесін кейінірек – 2012 жылы алды.

Сол кезде "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға өзгерістер енгізіліп, 7 мамыр ресми мереке күні ретінде бекітілді.

7 мамырда Астанада қайда баруға болады?

Мерекелік іс-шаралар бүкіл ел бойынша өтіп жатыр. Отан қорғаушылар күніне орай әр өңірде концерттер, көрмелер мен акциялар жоспарланған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына келесі бағдарлама ұсынылады:

15:00-де "Нұржол" желекжолында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық оркестрінің салтанатты шеруі өтеді.

Ауқымды Open air. "Астана Арена" стадионы. Сағат 10:00-ден бастап жәрмеңкелер мен балалар аймақтары жұмысын бастайды, ал 19:00-де эстрада жұлдыздарының қатысуымен кешкі концерт басталады.

19:00-де М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының жанында Ұлттық ұлан оркестрінің қатысуымен мерекелік бағдарлама өтеді.

7 мамырда Алматыда қайда баруға болады?

Қалада да бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Жетісу ауданының комьюнити-орталығында және амфитеатрда (Шұғыла шағын ауданы, 347) қазақстандық көркем фильмдердің ашық аспан астындағы көрсетілімі болады.

Отан қорғаушылар күніне орайластырылған "Бейнелеу әлемі" атты жеке көрменің ашылуы сағат 16:00-де Almaty Gallery галереясында (Достық даңғылы, 44) өтеді.

7 мамырда не сыйлайды: сыйлық идеялары

Бұған дейін біз 7 мамырға арналған жақындарыңызға беретін қызықты сыйлықтар туралы жазған болатынбыз. Сыйлықты жас ерекшелігі мен қызығушылықтарын ескере отырып — пайдалы заттардан бастап, ерекше әсер сыйлайтын дүниелерге дейін таңдаған абзал.

Мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге конструкторлар, үстел ойындары, кітаптар, спорттық керек-жарақтар немесе гаджеттер сыйлауға болады.

Студенттерге, мысалы, рюкзак, пауэрбанк, ақылды колонка, ноутбукке арналған керек-жарақтар немесе мини-проектор сияқты практикалық заттар сәйкес келеді.

Ересектер үшін көбінесе функционал сыйлықтар таңдалады: құрал-саймандар, портмоне, барбекю жинақтары, автокөлік керек-жарақтары. Сондай-ақ, демалысқа арналған сертификаттар, шеберлік сабақтары мен оқу курстары танымал.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары