Malim.kz
Қоғам

Абай және Ақмола облыстарын су басу қаупі бар

Айбын Атабай
ТЖМ

30-дан астам елді мекенде су басу қаупі сақталып тұр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлім етті. 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, бес өңірде қауіп бар, яғни Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай және Қарағанды облыстары. Осыған дейін төрт облысты аралап шықтым. 30-дан астам елді мекенде қауіп сақталып тұр. Бұл тұрғыда қауіпті жағдай Ақмола және Абай облыстарында болуы мүмкін, — деді Қанат Бозымбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Оның айтуынша, қазір өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық қызу жүріп жатыр.

Өңірлерге барғанда тиісті әкімдерге тапсырмалар берілді. Осы ретте бөгеттер мен арықтарды тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан 30 астам елді мекенде бұл іс-шаралар қарқынды іске асып отыр. Былтырмен салыстырғанда Ақмола облысында түскен қардың көлемі көбірек, — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары