Malim.kz
Қоғам

Айдос Сарым Ресей мен Украинаның “қара тізіміне” енуіне қатысты пікір білдірді

Арман Қайыпхан
Фото: Конституциялық сот

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның Ресейге кіруіне тыйым салынғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ал жақында оның есімі Украинадағы «Бітімгер» тізімінде пайда болды. Осыған қатысты пікір білдірген депутат қысқа әрі нық жауап қатты, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Депутат бұл мәселелерді шетелдік тараптардың ішкі шешімі деп бағалап, өзі үшін бастысы Қазақстан екенін айтты.

«Маған Украина да, Ресей де маңызды емес. Маған Қазақстан маңызды. Біреуге жақпасам — ол олардың мәселесі. Ең бастысы, Қазақстанның қара тізімінде болмаса болды», — деді Айдос Сарым.

Бұған дейін Айдос Сарым Украина шабуылдарын қолдайтындарды жауапқа тартуды ұсынған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары