Malim.kz
Қоғам

Air Astana рейсінде жолаушылардың 3400 доллары жоғалды

Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz

Air Astana рейсімен Тбилисиден Алматы арқылы Данангқа ұшқан ерлі-зайыпты қол жүгінде болған 3400 доллары жоғалғанын мәлімдеді, деп Malim.kz тілшісі, Qazaq Today-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Жолаушы Анна Магнеллидің сөзінше, олар ұшақта ұйықтап жатқан кезде белгісіз біреу конверттегі долларды алып, орнына Африкадағы Малави елінің квачаларын салып кеткен болуы мүмкін.

Отбасы ақшаның жоғалғанын Вьетнамға жетіп, пәтерге орналасқаннан кейін ғана байқаған. Әйелдің айтуынша, бұл қаражатты олар бірнеше ай бойы жинаған. Қазір отбасы баспана ақысын төлеуге қаражатсыз қалғанын айтады.

Оқиға әлеуметтік желіде тарағаннан кейін Қазақстанның көліктегі полициясы тексеру бастаған. Алайда ведомство мәліметінше, әзірге жолаушының өзінен ресми арыз түспеген.

Қазіргі уақытта 3400 доллардың нақты қай жерде және қандай жағдайда жоғалғаны анықталған жоқ.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары