Malim.kz
Әлем

Әлемдегі ең үлкен айсберг аралға жақындап келеді

Мәди Саматұлы

«Роскосмос» Ресей мемлекеттік корпорациясы ресми telegram-арнасында A23a деп аталатын әлемдегі ең үлкен айсбергтің суретін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның суреті «Метеора-М» аппаратына түсірілген. Соңғы бағалаулар бойынша, айсбергтің ауданы 3672 шаршы шақырым, ал салмағы шамамен 1 триллион тонна.

Ол Оңтүстік мұхитта қалқып жүр және қазір Британияның Оңтүстік Атлант мұхитында орналасқан Оңтүстік Георгия аралына жақындап келеді, деп жазылған «Роскосмос» мәлімдемесінде.

Фото: telegram/«Роскосмос»

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары