Актер Рүстем Жаныаманов әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм ұлымен бірге түскен ескі видеоны жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Бейнежазбада әке мен баланың арасындағы жылы қарым-қатынас пен ерекше жақындық көрінеді. Жарияланған мәліметке сәйкес, видео шамамен алты жыл бұрын түсірілген.
Актердің жары да жазбаға жүрекжарды сөздерін арнаған.
"Сабыр деген не? Сабыр – тікенге қарап, гүлді көре білу. Түнге қарап, таңның ататынына сену...
Бұл Алладан келген сабақ. Бірақ жазалау емес, махаббат сабағы. Риясыз махаббат, қашықтықтағы махаббат сабағы", – деп жазды ол.
Бұған дейін Рүстем Жаныаманов ұлының бірнеше жыл бойы ауыр дертпен күрескенін айтқан еді. Ерлі-зайыпты баласының денсаулығын жақсарту үшін бес-алты жыл бойы түрлі ем іздегендерін де бөліскен.
Желіде тараған бұл видео актер отбасының марқұм баласына деген сағынышын тағы бір мәрте аңғартты.
Еске сала кетейік, бұған дейін актер Рүстем Жаныаманов пен актриса Жанаргүл Жаныаманованың тұңғыш ұлы Нұрмұхаммет өмірден өткен еді.