Malim.kz
Қоғам

"Алмас Кішкенбаевпен жүрдік, өзім бірінші жаздым": Әнші Сиви Махмуди ел естімеген шындығын айтты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
Malim.kz коллажы

Танымал әнші Сиви Махмуди "Кездесу" бағдарламасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін жайттарды ашық айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі әңгіме барысында жас кезіндегі сезімдері туралы сыр шертіп, белгілі әнші Алмас Кішкенбаевпен бір кезеңде жақын араласқанын жасырмады. Оның айтуынша, бұл — жастық шақтағы таза әрі аңғал сезім болған.

"Алмас "Суперстар" жобасына қатысқан кезде 18 жаста болды, мен 15-16 жаста едім. Ортақ құрбымнан оның нөмірін сұрап алып, өзім бірінші болып жаздым. Ол кезде бала көңілмен оның суретін шығарып, фотошоппен екеумізді қатар қойып, бөлмеме іліп қоятынмын. Кейін кездесіп, араласа бастадық. Бұл – бала махаббаты еді. Жүрдік, бірақ қол ұстасып та көрмедік. Алмасқа да рақмет, ол да шектен аспады", – деп әншінің сөзін келтірді ozgeris.info сайты.

Сиви Махмуди бұл қарым-қатынасты үлкен өмірлік тәжірибе ретінде бағалап, сол кезеңді жылы естеліктермен еске алатынын жеткізді.

Әншінің бұл ашық әңгімесі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар түрлі пікір қалдырды. Бірі оның шынайылығын жоғары бағаласа, енді бірі сыни көзқарас білдірді.

Айта кетейік, Сиви Махмуди – қазақстандық эстрададағы танымал әнші, актриса және продюсер. Ол жастайынан өнерге қызығып, кәсіби сахнаға ерте шыққан. Уақыт өте келе "Огонь любви" секілді хит әндері арқылы көпшілікке кеңінен танылды.

Сонымен қатар ол актерлік бағытта да өзін сынап, бірнеше фильмге түскен. Бүгінде әнші шығармашылық жолын жалғастырып, әлеуметтік желілерде белсенді өмір салтын ұстанып келеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова әуежайда домбырасына байланысты күтпеген жағдайға тап болғанын айтқан еді.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары