Күшті тасқын қаупінің сақталуына байланысты Алматы облысынан 100 сарбаз Петропавлға жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz. tv7.kz-ке сілтеме жасап.
Екі мың адамнан тұратын жедел әрекет ету тобы құрылды. 7 мыңнан астам адам тұратын 112 ауыл бақылауға алынды. Аймаққа тасқынға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін 80 техника бірлігі, су көліктері және моторлы сорғылар жеткізілді.
Қазақстан ІІМ әскер бөлімінің батальон командирі Жаслан Хамитовтың айтуынша, әрқайсысында 50 адамнан екі учаске бөлінген. Біріншісі – Заречный, екіншісі – Бескөл.