Malim.kz
Қоғам

Алматы тауларында екі жасөспірім жоғалып кетті

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Алматы облысының Қарасай ауданында Молодая Гвардия шыңы маңына жорыққа шыққан екі жасөспірім адасып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Олармен байланыс үзіліп, геолокация арқылы нақты орнын анықтау мүмкін болмаған.

Іздеуге бірден «Барыс» республикалық құтқару жасағының мамандары жұмылдырылды. Түнгі уақытта жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде жасөспірімдер биік таудағы көлдердің бірінің жанындағы лашықтан табылды.

Таудан түсіру кезінде олардың бірі өкпе тұсының ауырғанына шағымданған. Осыған байланысты оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері шақырылып, екі жасөспірім де тексеру үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары