Malim.kz
Қоғам

Алматы тауларында жарақат алған альпинист эвакуацияланды

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

Алматы қаласының Медеу ауданында, теңіз деңгейінен 3630 метр биіктікте орналасқан Мыңжылқы шыңында зардап шеккен альпинисті құтқарушылар эвакуациялады, деп хабарлайды Malim.kz.

23-ші әмбебап құтқару бөлімшесіне альпинизм нұсқаушысынан 59 жастағы ер адамның аяғын жарақаттап алып, биік таулы аймақта өздігінен қозғала алмай қалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел түрде 23-ші әмбебап құтқару бөлімшесінің кезекші экипажы және Апаттар медицинасы орталығының реанимобилі жіберілді. Құтқарушылар қысқа уақыт ішінде Мыңжылқы шыңына жетіп, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті және оны қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Апаттар медицинасы орталығының реанимобилі тәулік бойы жұмыс істейді және Шымбұлақ тау шаңғысы курортының маңында кезекшілік етеді. Аталған бөлімше ТЖМ министрі Шыңғыс Әрінов пен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен ашылған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары