Malim.kz
Қоғам

Алматыда ағаш басып қалған 19 жастағы бойжеткен қайтыс болды

Арман Қайыпхан
Фото: әлеуметтік желі

Алматыда үстіне ағаш құлап, ауыр жарақат алған 19 жастағы Селина Абитова ауруханада екі апта ем қабылдағаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.

№4 қалалық клиникалық аурухананың мәліметінше, бойжеткен 27 маусым күні өте ауыр хәлде жеткізіліп, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде емделген.

Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті медициналық және реанимациялық көмекті көрсеткен. Соған қарамастан, 14-ші күні жүрегі тоқтап, жүргізілген қайта жандандыру шаралары нәтиже бермеді. Медициналық мекеме пациенттің биологиялық өлімі тіркелгенін мәлімдеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары