Медеу ауданындағы Көкжайлау шатқалында (2200 м биіктікте) серуендеп жүрген үш 17 жастағы жасөспірім жаңбыр салдарынан бағыттан адасып, таудан түсе алмай қалған, деп хабарлайды Malim.kz.
Олар бірден 112 қызметіне хабарласып, көмек сұраған. Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы геолокация арқылы орын анықтап, жаяу іздеу жұмыстарын жүргізіп, көп ұзамай жасөспірімдерді тапты.
Абырой болғанда, медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылардың кәсіби әрі шапшаң әрекетінің арқасында олар таудан аман-есен түсірілді.
Фото: ТЖМ