Malim.kz
Қоғам

Алматыда таулы өңірлерде блок-бекеттер қойылды

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Алматы қаласының таулы өңірлерінде қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі сақталып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Мамандар ауа райының тұрақсыздығы мен қар жамылғысының қалыңдығы төтенше жағдайлардың туындау қаупін арттыратынын ескертеді.

Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуға шақырады. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар көшкіні қаупі бар учаскелерде блок-бекеттер қойылған.

Таулы аймақтарға баруды жоспарлаған жағдайда, қалыптасқан ауа райы жағдайларын мұқият бақылап, уәкілетті қызметтердің ресми ескертулерін ескеру қажет. Мамандар қауіпсіздік талаптарын сақтамау адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары