Malim.kz
Қоғам

Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінісі тіркелді

Malim Админ

Қазақстандық сейсмологтар 9 сәуір күні таңертең кезекті жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 9 сәуір күні таңғы сағат 9:10-да жер асты дүмпулерін тіркеді. Олардың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 528 км жерде Қытай аумағында орналасқан.

 Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.4.

 MPV магнитудасы 4.6.

 Тереңдігі 10 км.

Қазақстанда жер сілкінісі сезілген жоқ.

Фото: интернеттен

Malim Админ
Автордың басқа материалдары