Malim.kz
Қоғам

"Алтын белгі" төсбелгісін жасауға 230 млн теңгеден астам ақша бөлінген

Айбын Атабай
avitrek.kz

Оқу-ағарту министрлігі биыл 8000-нан астам "Алтын белгі" төсбелгісін шығаруға 231,3 миллион теңге төлейді. Бұл туралы Malim.kz  Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Монета сарайы тапсырысты мамыр айының соңына дейін аяқтайды деп болжанды. Бір төсбелгінің құны – 27 695 теңге.

"Алтын белгі" төсбелгісінің бағасы соңғы үш жылда айтарлықтай өсті. 2023 жылы төсбелгінің құны 16 520 теңге болды.

Үздік оқушылар саны да айтарлықтай өсті. 2023 жылы тек 5500 төсбелгіге тапсырыс берілді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары