Malim.kz
Қоғам

"Ана туралы ән салды": Меруерт Өтекешова жары Құман Тастанбековтің соңғы сәттері туралы айтты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден. Суретте: Меруерт Өтекешова мен Құман Тастанбеков

Актриса Меруерт Өтекешова жұбайы, белгілі актер Құман Тастанбековтің өмірінің соңғы минуттары туралы алғаш рет естелігін бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің айтуынша, денсаулығына қарамастан Құман Тастанбеков отбасы мүшелерінің қуанышына қатысып, жиеніне ақ батасын беруді жөн көрген. Той аяқталғаннан кейін ерлі-зайыпты қонақүйге оралған.

"Мен бір сәтке ғана теріс қарадым. Қайта бұрылғанымда ол кісіден айырылып қалдық", – деп еске алды Меруерт Өтекешова.

Актрисаның сөзінше, сол түні ол күйеуінің жанында болған. Сондай-ақ ол Құман Тастанбековтің көптен күткен немересін көре алмай кеткенін өкінішпен айтты.

Бұған дейін Меруерт Өтекешова мен Құман Тастанбеков арасындағы романтикалық кездесулер туралы қызықты деректі жазған едік. Сондай-ақ Қоғам белсендісі Жолымбек Мәкіш әлеуметтік желіде актриса Меруерт Өтекешованың қазіргі жағдайына қатысты жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударған болатын.

"Қыз Жібек" – қазақ киносының мәңгілік жауһары

"Қыз Жібек" – 1970 жылы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген қазақ кино өнеріндегі ең көрнекті туындылардың бірі. Екі бөлімнен тұратын фильмнің режиссері – Сұлтанахмет Қожықов, ал сценарийін Ғабит Мүсірепов жазған. Картина қазақ тілінде түсіріліп, эпостық-драмалық жанрда көрерменге жол тартты.

Фильмдегі басты рөлдерді Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков және Асанәлі Әшімов сомдады. Ал фильмнің музыкасын әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиев жазған.

Туындының сюжеті қазақтың әйгілі лиро-эпостық жыры негізінде өрбиді. Оқиға Базарбайдың ұлы Төлегеннің өзіне жар іздеуінен басталады. Ол көптеген арудың арасынан Сырлыбайдың қызы Жібекті таңдап, екеуінің арасында шынайы махаббат пайда болады. Алайда қызғаныш пен сатқындық салдарынан Бекежан Төлегенді өлтіріп, бұл жағдай Жібектің тағдырын күрт өзгертеді.

Фильмнің екінші бөлімінде Төлегеннің інісі Сансызбай ел намысын қорғап, жаумен күреске шығады. Сонымен қатар ағасының арманын жалғастырып, Жағалбайлы елінің азаттығы үшін шайқасады.

"Қыз Жібек" фильмінде қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық болмысы, махаббат, адалдық, ерлік пен рухани құндылықтары терең бейнеленген. Бүгінде бұл туынды қазақ киносының алтын қорына енген классикалық шығарма ретінде бағаланады.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары