freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қызын емдету үшін үйін сатты": Меруерт Өтекешова туралы ел естімеген шындық жария болды (ФОТО)

Қоғам
"Қызын емдету үшін үйін сатты": Меруерт Өтекешова туралы ел естімеген шындық жария болды (ФОТО)
AUEZOV THEATRE. Суретте: Меруерт Өтекешова

Қоғам белсендісі Жолымбек Мәкіш әлеуметтік желіде актриса Меруерт Өтекешованың қазіргі жағдайына қатысты жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, халық әртісі қызының денсаулығы үшін барлық мүлкін сатып, қазір елордада жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.

"Меруерт Өтекешова қызын емдеу үшін үйін сатып жіберіп, қазір Астанада пәтер жалдап тұрып жатыр екен", – деп жазды белсенді.

Сондай-ақ ол актрисаның өмір жолындағы ауыр сынақтарды атап өтіп, оның төзімі мен қайсарлығына таңданысын білдірді.

"Ұлын, жарын жоғалту, қызының дертімен күресу – оңай емес. Соған қарамастан, бар дүниесін сатып, 75 жасында жалдамалы пәтерде тұру – халық әртісіне лайық жағдай ма? Бірақ ол әлі күнге дейін тынымсыз еңбек етіп, барлық қиындықты үнсіз көтеріп келеді. Мерейтойда гүл ұстап тұрып, кейін жалдамалы баспанаға оралу – бұл үлкен сынақ", – деді Жолымбек Мәкіш.

Желі қолданушылары актрисаның жағдайына алаңдаушылық білдіріп, оған қолдау көрсету қажеттігін айтуда.

Бұған дейін тележүргізуші Дана Нұржігіт актриса Меруерт Өтекешованың Майя Бекбаеваға берген сұхбатына қатысты өз ойын білдірген еді. Ол сұхбатты көргеннен кейінгі әсерін жасырмай, өнер иесінің қазіргі жағдайы жүрегіне ауыр тигенін айтты. Сондай-ақ Меруерт Өтекешова мен Құман Тастанбеков арасындағы романтикалық кездесулер туралы қызықты деректі де жазған едік.

Меруерт Өтекешова – қазақ киносы мен театрының жарық жұлдызы

Меруерт Қаратайқызы Өтекешова – қазақ киносы мен театрының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі актриса. Ол 1951 жылы 25 ақпанда Орал қаласында дүниеге келген. Бала кезінен өнерге бейім болып өскен ол ерте жастан сахна мен кино әлеміне қызығушылық танытты. 1968 жылы мектепті аяқтағаннан кейін бірден "Қыз Жібек" фильміндегі басты рөлге шақырылып, осы рөл арқылы кеңінен танымал болды.

1969-1973 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік мәдениет институтында білім алып, кәсіби актерлік шеберлігін жетілдірді. Ол КСРО халық әртісі Хадиша Бөкееваның жетекшілігімен білім алған.

Театр сахнасындағы алғашқы маңызды рөлі – Шыңғыс Айтматовтың "Ана – Жер-Ана" қойылымындағы Әлиман бейнесі болды. Сонымен қатар актриса қазақ және кеңестік кино саласында көптеген есте қаларлық образдар жасады. Ол "Ағам менің", "Ұлымның оралуы", "Тентек балалар", "Аждаһа жылы" сынды фильмдерге түскен. Меруерт Өтекешова "Қазақфильм", "Мосфильм", "Қырғызфильм" киностудияларымен бірлесе жұмыс істеген.

Өнердегі еңбегі жоғары бағаланып, 1982 жылы "Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі" атағын иеленді. Сондай-ақ Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанған. Ол "Құрмет" және "Парасат" ордендерімен марапатталған.

Меруерт Өтекешова қазақ киносының жарық жұлдызы Құман Тастанбековтің жары ретінде де көпшілікке белгілі. Бүгінде ол ұлттық өнердің дамуына зор үлес қосқан, халық құрметіне ие болған ірі тұлға ретінде бағаланады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу