Malim.kz
Қоғам

Ақорда «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысты (ВИДЕО)

• Malim Админ

Астанада «Жер сағаты» жаһандық экология акциясы өтті. Ақорда да экологиялық шараны қолдап, жарықты бір сағатқа сөндірді. Бұдан бөлек қаладағы 33 ғимарат акцияға қосылды.

Акция шарты бойынша сағат 20:30-дан 21.30-ға дейін жарық пен тұрмыстық электр құралдарын өшіру керек болатын.
«Жер сағаты» – дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қамқорлығымен жыл сайын халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын акция. Оған әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам қатысады. Акцияның мақсаты – ғаламшар мен оның ресурстарына жауапкершілікпен қарауға шақыру.

ФОТО: "Жібек жолы" телеарнасы

Malim Админ
Автордың басқа материалдары