Malim.kz
Әлем

АҚШ 75 елге виза беруді тоқтатады

Арман Қайыпхан
Фото:depositphotos.com

21 қаңтардан бастап АҚШ Мемлекеттік департаменті 75 елдің азаматтарына барлық санаттағы визаларды уақытша беруді тоқтатады, деп хабарлайды Malim.kz Fox News-ке сілтеме жасап.

Кейінірек басылым 75 ел азаматтары үшін иммиграциялық визаларды өңдеудің барлық рәсімдері тоқтатылатынын нақтылады.

Fox News Digital алғаш болып танысқан Мемлекеттік департаменттің қызметтік жазбасында консулдық қызметкерлерге департамент үміткерлерді тексеру мен іріктеу рәсімдерін қайта қарағанға дейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес виза беруден бас тарту тапсырылған.

Бұл шешім билік өкілдері мемлекет үшін әлеуетті «қоғамдық жүк» болуы мүмкін деп санайтын өтініш берушілермен күрес аясында қабылданған.

АҚШ порталының хабарлауынша, қызметтік құжатта тізімге Ресей, Таиланд, Мысыр, Ауғанстан, Бразилия, Ирак, Иран, Йемен, Сомали және Нигерия сияқты елдер енгізілген. Тізімде тағы қандай елдер бар екені әзірге белгісіз.

Виза беруді тоқтату рәсімдерді қайта бағалау аяқталғанға дейін күшінде болады.

Бұған дейін АҚШ Орталық Азия азаматтарына виза беру тәртібін қатаңдатқан еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары