Malim.kz
Әлем

АҚШ-та Дональд Трамптың үйіне кірмек болған ер адам атып өлтірілді

Арман Қайыпхан
Фото: Steve Helber/AP Photo/picture alliancе

АҚШ Құпия қызметі және Палм-Бич округінің орынбасар шерифі Дональд Трамптың Мар-а-Лаго резиденциясына заңсыз кірмек болған шамамен 20 жастағы ер адамды атып өлтірді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті уақытпен 22 ақпан, 01:30 шамасында болды. Ер адам солтүстік қақпаның жанында, қолында аңшылық мылтыққа ұқсас зат пен жанармай құйылған канистрамен байқалған.

Қызметкерлер оны тоқтату үшін әрекет жасады, атысқа ұласты. Қызметкерлер зардап шеккен жоқ. Сол уақытта Дональд Трамп резиденцияда болмаған, ол Ақ үйде әйелі Меланиямен бірге болған.

Ер адамның әрекетінің себептері қазір АҚШ ФБР, Секретті қызмет және шериф офистерімен тексеріліп жатыр. Оқиғаға қатысқан агенттер тергеу аяқталғанша уақытша қызметінен босатылды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары