Malim.kz
Әлем

АҚШ-та мыңдаған ұшақ рейсі тоқтатылды

Арман Қайыпхан
Фото: Elijah Nouvelage/REUTERS

АҚШ-та үкіметтің жұмысы уақытша тоқтағанына байланысты мыңдаған әуе рейсі кейінге шегерілді. 8 қараша, сенбі күні диспетчерлердің жетіспеушілігінен шамамен 1500 рейс тоқтатылып, тағы 6000 рейс кешіктірілді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Азаматтық авиация федералдық басқармасы (FAA) 42 диспетчерлік мұнарада және ұшу басқару орталығында кадр тапшылығы бар екенін хабарлады.

Республикалық партия өкілдері келіссөздерде ілгерілеу бар деп мәлімдегенімен, сенбі кешіне дейін үкімет жұмысын қайта бастау туралы келісімге қол жеткізілмеді. Сенат жексенбі, 9 қараша күні бюджет дауын шешу үшін кезектен тыс отырыс өткізбек.

FAA авиакомпанияларға елдің ең ірі 40 әуежайындағы күнделікті рейстер санын 4 пайызға азайтуды тапсырды. Келесі апта басында бұл көрсеткіш 6 пайызға, ал 14 қарашаға дейін 10 пайызға дейін қысқармақ.

Әуе компанияларының өкілдері жаңа шектеулер рейстерді жоспарлауды қиындатқанын айтады. Әлемдегі ең ірі әуежайлардың бірі саналатын Атлантада сенбі күні рейстердің орташа кешігу уақыты бес сағатқа жуық болды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары