Malim.kz
Қоғам

Ақтау мектептеріне шабуыл жайындағы қауесеттен кейін оқушылардың жартысы сабаққа келмеген

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay.com

Ақтауда әлеуметтік желі мен мессенджерлерде мектептерге шабуыл жасалуы мүмкін деген хабар тарағаннан кейін қаладағы оқушылардың жартысынан көбінің сабаққа бармағаны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Маңғыстау облыстық білім басқармасы мәліметінше, хабарламалар тараған соң көптеген ата-аналар балаларын қауіпсіздік мақсатында мектепке жібермеді. Нәтижесінде, қаладағы жалпы оқушылардың тек 43,1%-ы, яғни 30 502 адам сабаққа қатысты.

Барлық мектептер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, оқу орындары күзетпен, бейнебақылау жүйесімен және дабыл түймелерімен қамтамасыз етілген. Ақпаратты тексеру үшін арнайы жедел-іздестіру тобы құрылып, қажетті іс-шаралар өткізілді. Қауіп расталмады.

Полиция жалған хабарламаның көзін анықтауға кірісті. Қоғамдық орындар тұрғындарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тек тексерілген ақпаратты таратуға шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтау мектептеріндегі теракт жайлы ақпарат жалған болып шыққан еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары