Мессенджерлерде мектептерде террористік актілер жоспарланып жатыр деген жалған ақпарат тарауда, деп хабарлайды Malim.kz. Маңғыстау облысының білім басқармасына сілтеме жасап.
Азаматтардан мұндай тексерілмеген хабарламаларға сенбеуді және оларды таратпауын сұраймыз.
Қазіргі уақытта полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Жағдай толығымен бақылауда.
Террористік актілер туралы жалған хабар таратқаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.