Malim.kz
Қоғам

Әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар көз жұмды

Арман Қайыпхан
Фото: әлеуметтік желі

Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі Ербаян Мұхтар өмірден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ербаян 2023 жылы әскери қызметін атқару барысында ауыр бас-ми жарақатын алып, комаға түскен еді. Оның жағдайы қоғамда кеңінен талқыланып, көпшіліктің назарында болды.

Сарбаз Түркияда ұзақ уақыт ем қабылдағанымен, кейін денсаулығы күрт нашарлаған. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Еске салсақ, Ербаян Мұхтардың жарақат алу оқиғасы бойынша, сондай-ақ оны емдеуге қатысты мән-жайлар жөнінде қылмыстық істер қозғалып, тергеу жүргізілген болатын.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары