Malim.kz
Қоғам

Астана әкімдігі жаңа әуежай терминалы туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды

Malim Админ
Фото: depositphotos.com

Астана әкімдігі әлеуметтік желілерде тараған «әуежайдың жаңа терминалы астанадан 73 шақырым жерде, Шортанды бағытына салынады» деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қалалық биліктің ресми ұстанымына сәйкес, жаңа терминалдың нақты орналасатын жері әлі анықталған жоқ.

Сонымен қатар, Шортанды бағытына қарай 73 шақырымдағы аумақ Астана әкімдігінің құзыретіне кірмейді, ол жерде қаланың ешқандай нысандары салынбайды.

Әкімдік тұрғындарды расталмаған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды. Жаңа терминалдың нақты орны белгілі болған жағдайда бұл туралы ресми түрде хабарланатыны айтылды.

Бұған дейін Астанада екінші әуежай салу мүмкін болатын орын белгіленгені туралы жазған едік.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары