Malim.kz
Қоғам

Astana Half Marathon жарысына 30 елден 7 мыңға жуық адам қатысты

Арман Қайыпхан
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада өткен Astana Half Marathon халықаралық жарысы 30 елден келген шамамен 7 мың жүгірушіні жинады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауқымды спорттық шараға кәсіби спортшылармен қатар әуесқой жүгірушілер де қатысты. Қатысушылардың қатарында түрлі жастағы және әртүрлі дайындық деңгейіндегі азаматтар болды.

Жарыс бағдарламасы бойынша жүгірушілер 21 шақырымдық жартылай марафон мен 10 шақырымдық қашықтықта сынға түсті.

Жүгіру бағыты Астананың негізгі көшелері мен көрнекті нысандарын қамтыды. Қатысушыларға жарыс бойы жанкүйерлер қолдау көрсетіп отырды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, марафон бағытының барлық бөлігінде қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары