Астана қаласы маңында болған жеңіл моторлы жеке ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-бөлігі — «Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша тергеу басталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға кезінде екі адам — ұшқыш пен жолаушы қаза тапқан. Ұшақтың құлау себептері анықталу үстінде, - делінген хабарламада.
Осыған дейін Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ құлап, екі адам қаза тапқаны туралы жазғанбыз.
Фото: gov.kz