Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада жеңіл моторлы ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

Қоғам
Астанада жеңіл моторлы ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

Астана қаласы маңындағы Жоламан әуеайлағы аумағында жеңіл моторлы ұшақ оқу-жаттығу ұшуы барысында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылғы 22 маусымда шамамен сағат 11:30-да Астана қаласы маңындағы Жоламан әуеайлағы аумағында TL-2000 маркалы жеңіл моторлы ұшақ оқу-жаттығу ұшуы барысында апатқа ұшырады. Ұшақ жеке тұлғаға тиесілі болған. Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесінде болған екі экипаж мүшесі оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін қолданыстағы ережеге сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылатын болды.

Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері апат орнына аттанды. Тексеру жұмыстары басталды.

Фото: Pascal Rassignal (Reuters)

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу