Астанада Байқоңыр ауданы Ж.Аймауытов көшесінде екі қабатты коттеджде өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ашық жалынмен жиhaздар мен төбе жабының және жақын тұрған жиhаз шығару цехінің сыртқы қаптамасы өртеніп жатқаны анықталды.
Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби іс- қимылдарының нәтижесінде өрт 70 ш.м. аумақта, өрттің ары қарай жақын ғимаратқа таралуына жол бермей, толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.