Malim.kz
Қоғам

Астанада Қабанбай батыр даңғылы бойындағы учаске толығымен жабылады

Malim Админ

Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әкімдіктің хабарлауынша, аймақта жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Учаске 17 маусым сағат 10:00-ден 18 маусым сағат 07:00-ге дейін жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Фото: Астана әкімдігі

Malim Админ
Автордың басқа материалдары