«Қазгидромет» синоптиктері Астана мен Алматы қалаларына 16-18 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
16 мамырда елордада күн құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7 м/с, күндіз 5–10 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +5…+7, күндіз +24…+26 градус болады.
17 мамырда да жауын-шашынсыз, құбылмалы ауа райы сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, күндіз 9-14 м/с-қа дейін күшейеді. Түнгі температура +4…+6 градус болса, күндіз +25…+27 градусқа дейін жылынады.
18 мамырда Астанада күн күрт суытуы мүмкін. Синоптиктер түнде 0…+2 градусқа дейін төмендеп, топырақ бетінде 2 градус үсік жүруі ықтимал екенін ескертті. Күндіз ауа температурасы +25…+27 градус шамасында болады.
16 мамырда Алматыда күн құбылмалы болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с болады. Түнде +6…+8 градус, күндіз +20…+22 градус жылы болады.
17 мамырда мегаполисте ауа райы біртіндеп жылынады. Күн ашық болып, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +9…+11, күндіз +23…+25 градусқа дейін көтеріледі.