Malim.kz
Қоғам

Астанада жігітке қауіпті пранк жасаған блогер жауапқа тартылды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Астанада жас жігітке қауіпті пранк ұйымдастырған блогердің видеосы полицияның назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында өзін әскери комиссариаттың қызметкері ретінде таныстырып, көшедегі жас жігітті тоқтатқанын көрсететін бейнеролик жариялаған.

Жігіт оқиға орнынан қашуға әрекет жасағанда, блогер оның соңынан қуған. Сол сәтте жас жігіт суға секіріп кеткен.

Оқиғаға байланысты полиция блогерге азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіргені, сондай-ақ полиция қызметкерінің арнайы киіміне ұқсас форманы заңсыз пайдаланғаны үшін ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Материалдар қарау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары